Теміртауда ер адам несиесін төлемеу үшін көлігі ұрланғанын хабарлаған

Теміртауда ер адам көлік сатып алу үшін алған несиесін төлемеу үшін оның ұрланғанын хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Теміртауда ер адам көлік сатып алу үшін алған несиесін төлемеу үшін оның ұрланғанын хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 11 наурызында 33 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне келіп, белгісіз біреулердің құны 10 миллион теңгеден асатын көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.

Көлік ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Реклама
Реклама

"2019 жылдың 17 наурызында көлік иесінің несиені төлемеу мақсатында көлігі ұрланғанын хабарлағаны анықталды. Көлік тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - деді полиция департаментіндегілер.

Осыған байланысты полиция өкілдері жалған хабар таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама