Теміртауда полицейлерден қашқан желікпе жүргізуші ұсталды

Теміртауда полицейлерден қашқан желікпе жүргізуші ұсталды

Теміртауда А?мола облысты? полициясыны? ?ызметкерлері жылдамды?ты асырды деген к?діктілерді ?стады. Ереже б?з?анны? к?лігі ба?ыттама ар?ылы аны?талып, ?сталыпты, к?діктілер А?мола облысты? полициясына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Теміртауда Ақмола облыстық полициясының қызметкерлері жылдамдықты асырды деген күдіктілерді ұстады. Ереже бұзғанның көлігі бағыттама арқылы анықталып, ұсталыпты, күдіктілер Ақмола облыстық полициясына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыстың жол-патрульдбік полициясының қызметкерлері ереже бұзған жүргізушінің көлігіне бағыттама берілді. Күмәнді автомобиль Теміртауда тоқтатылған. Көлік салонында үш адам болған. Олар Ақмола облыстық полицейлеріне берілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, 26 желтоқсан күні полиция сержанты Айтмағанбетов "Екатеринбург - Алматы" тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша қызметін орындау кезінде қаза болды еді. Ол Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылы маңында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің соңына түсіп, жол ортасындағы сүйеуге соғылып қалған. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама