Теміртауда қолы қанға былғанған әйел көшедегілерге кісі өлтіргенін мойындады

Теміртауда қолы қанға былғанған әйел көшедегілерге кісі өлтіргенін мойындады Видео кадрынан алынған сурет

Теміртауда 40 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен оның бірге тұрған құрбысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, әйел ер адамға пышақ салып, кейін көшеге қашып кеткенін мойындаған.

"40 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы әйелді ұстады. Ол жанжал барысында ер адамға пышақ салғанын мойындады. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында, "Кісі өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Құдияров.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны жолдады. Видео қорқынышты фильмдерді еске түсіреді. Кадрдан автомобильде отырған екі жігітке қолы қанға оранған әйел келіп, көмек сұрағанын көруге болады. Ол ер адамды өлтіріп алғанын айтты. Сонымен қатар, әйел өзін көлікке мінгізуді сұрады, дегенмен жігіттер кетіп қалуды жөн көрді.

Жүйкесі әлсіздерге және жүкті әйелдерге видеоны көрмеуге кеңес беріледі!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама