Теміртаулық 20 жастағы жігіт бес адамға оқ атты деген күдікпен ұсталды

Теміртаулық 20 жастағы жігіт бес адамға оқ атты деген күдікпен ұсталды © zmnvest.ru

Теміртау ?аласыны? 20 жаста?ы т?р?ыны ?аса?ана адам ?лтірді деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысыны? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны қасақана адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 10 мамырында Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен 18 бен 25 жас аралығындағы 5 ер адам оқ жарақатымен жедел жәрдем арқылы емханаға жеткізілген.

Жедел іс-шаралар барысында қаланың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жәбірленушілерге арадағы келіспеушілік салдарынан оқ атқанын мойындады.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта 20 жастағы күдікті қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 24,99 бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама