15 қыркүйек 2021 | 09:02

Теміртауда ондаған жігіттің төбелесі видеоға түсіп қалды

© instagram/temirtau.city

Теміртауда Тәуелсіздік даңғылында ондаған жігіттің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда Тәуелсіздік даңғылында ондаған жігіттің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ондаған жігіт төбелескен видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода бірнеше жігіт жерде жатқан жігітті соққыға жыққаны көрсетілген. Олардың бірінің қолында металл труба немесе бита болған. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жігіттер өте ашулы болған және жәбірленушіні өлгенше соққыға жыққан болуы мүмкін. Оларға жолда кетіп бара жатқан адамдар араласып кедергі жасаған. 

Реклама
Реклама

Ескерту! Бейәдеп лексика!

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, төбелесті бастаған жігіт ұсталған. Ол қаланың 16 жастағы тұрғыны болып шыққан. Төбелескен басқа жігіттердің де кім екені анықталады. 

"Полицияға бұл дерек бойынша ешкім шағымданбады. Бүгінде Теміртаудағы Полиция басқармасында 293-бап, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел шара қолдану кезінде төбелесті ұйымдастырған 16 жастағы жігіт ұсталды. Ол жасаған ісін мойындады. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан басқа жігіттер мен оқиғаның мән-жайын анықтайды", - деді ведомство өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram