ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2021 | 09:10
Теміртауда пышақталған ер адам қайтыс болды
Қарағанды облысының Полиция департаменті Теміртаудағы төбелес кезінде пышақ тиген ер адам қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының Полиция департаменті Теміртаудағы төбелес кезінде пышақ тиген ер адам қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, төбелес таныс адамдардың арасында болған.
"Төбелес шығарған ер адамдар бір-бірімен таныс. 31 жастағы ер адамға пышақ тиген болатын. Салдарынан ол қайтыс болды", - деді Қарағанбы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Сонымен қатар, ПД өкілдері төбелескен ер адамның бәрі ұсталғанын хабарлады. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске салайық, кеше, 14 шілдеде Теміртауда бірнеше ер адам көшеде пышақтасқан болатын. Оқиға балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған. Төбелес Теміртаудағы шағынаудандардың бірінде болған және бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также