ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2019 | 17:39
Теміртаулық бодибилдер әйел лифтіде адам өлтіргені үшін 9 жылға сотталды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот тұрғын үйдің кіреберісінде әйел адамды өлтірген теміртаулық бодибилдерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот тұрғын үйдің кіреберісінде әйел адамды өлтірген теміртаулық бодибилдерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спортшы әйелдің адам өлтіргені дәлелденді.
"Күлешова ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орта қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өткізсін. Жаза мерзімі ұсталған күннен, яғни, 2018 жылдың 9 қарашасынан басталсын", - деді судья Бекзат Шалғымбаев.
Бұл оқиға 2018 жылы 8 қарашада Теміртаудағы көпқабатты үйдің лифтісінде болған. Жергілікті туристік фирманың 32 жастағы қызметкері Наталья Никитина қайтыс болған. Оған 60 жерден пышақ салынған. Сол күні 37 жастағы әйел ұсталып, кінәсін мойындады. Оның адам өлтіруіне қызғаныш себеп болыпты. Болжам бойынша, айыпталушы Натальяның көңілдесімен жақын қарым-қатынаста болған.
Показать комментарии
Читайте также