ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 17:27
Теңіз шекарашылары 575 миллион теңгеден аса шығынның алдын алды
2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін теңіз шекарашылары мемлекетке 575 миллион теңгеден астам залалдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тек екі ай ішінде (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін) шекарашылар теңізде 23 жүзу құралына мінген 45 құқықбұзушыны ұстаған.
"73 шақырымнан астам браконьерлік кәсіптің құралдары (балық аулау торлары) алынды, теңізге 1 905 бекіре тұқымдас (373) және ұсақ балықтар (1 532) жіберілді және 1 миллион 130 мың теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды. 575 миллион теңгеден астам сомадағы экономикалық залалдың алды алынды", - делінген хабарламада.
Шетелдік және қазақстандық браконьерлер аумақтық су режимінің негізгі заңбұзушылары саналады. Олар жылдам жүзетін жүзу құралдарын пайдаланатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также