Терезеден секіріп мерт болған шенеунік: Талдықорғанда басшылық қызметтен босатылды

© pixabay.com

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?кілдері Талды?ор?анда "?азСу шаруашылы?ы" РМК директоры Сейілхан М?хамадиевті? 4-?абаттан секіріп кеткенінен кейін ж?ргізген тергеу ж?мыстарыны? ?орытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Талдықорғанда "ҚазСу шаруашылығы" РМК директоры Сейілхан Мұхамадиевтің 4-қабаттан секіріп кеткенінен кейін жүргізген тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша, Мұхамадиевтің суицид жасауына жол берген қызметкерлер - Департаменттің аға тергеушісі Д.Д.Асқанов пен Ішкі істер бөлімі департаментінің офицері Р.Алдабергенов жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен босатылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, қоластындағы қызметкерлерді бақыламағаны үшін Департамент басшысы О.Аликов, оның орынбасарлары А.Жұрмағамбетов пен Д.Қаратайдың, Жедел басқарманың басшысы К. Мырзахметов, оның орынбасары Р.Машеков пен бөлім басшысы К.Букуровтың жұмыстан шығарылғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Мұнымен қоса, ведомство мәліметінше, Тергеу басқармасы бөлім басшысы Ж.Дүйсембеков пен Тергеу басқармасының басшысы Е.Б. Есжановтың қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. 

Қазіргі уақытта Алматы облыстық ІІД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Талдықорғанда парамен ұсталған шенеунік төртінші қабаттан секіріп мерт болған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама