10 желтоқсан 2020 11:05

ТЖМ қызметкерлері ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, Ақмола облысы бойынша ТЖД лауазымды тұлғаларға қатысты ел аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің нормаларына сәйкес (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жарияланбайды.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, 2020 жылдың басынан 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған.

"22 жасырын казино жойылып, 12 мыңнан аса ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге "Стоп-ойын" жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram