28 сәуір 2021 | 10:09

"Төленбеген кредит". СҚО-да жоғалған құжаттарға несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жеке куәліктердің суреті бойынша 50 онлайн-несие рәсімдеді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жеке куәліктердің суреті бойынша 50 онлайн-несие рәсімдеді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Алаяқтық жасаған күдікті ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

"AstanaTV" телеарнасы мәліметі бойынша, ер адам әлеуметтік желілерде құжаттардың суретін тапқан. Желіде адамдар құжаты жоғалғаны туралы хабарлама мен сурет жариялаған. Біраз уақыттан кейін жәбірленушілер несиесі бар екенін және төлемді кешіктіргенін білген.

Реклама
Реклама

"Мен несиеге жиһаз алғым келген. Бірақ өтінішімді банк қанағаттандырмады. Несие тарихым жақсы екенін білетінмін, ал банк менеджері менде төленбеген несие барын айтты. Оны өзім де тексеріп көрдім, шынмен кешіктірілген несием бар екен. Бірақ оны мен алған жоқпын. Бір айға 225 мың төлем. Шағын несие алынған", - деді Петропавл тұрғыны Саят.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында екі мыңнан аса адамның жеке куәлігі жоғалған. Алаяқтық құрбаны болмас үшін көші-қон полициясы қызметкерлері әлеуметтік желілерде құжаттардың суретін жарияламауға кеңес береді.

"Табылған жеке куәліктерді Халыққа қызмет көрсету орталығына әкеліп тапсыру қажет. Біз оларды деректер базасына енгіземіз және жоямыз, құжат осы сәттен бастап жарамсыз болады", - деді СҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Динара Айтқожина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная