Төлешовтің қымбат көліктері ОҚО ІІД тұрағынан табылды

© Instagram / dudoser

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасының мүлкі делінген сары түсті спорткар ОҚО ІІД тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Otyrar.tv.

ОҚО ІІД ішкі ауласында белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовтің қымбат көліктері ұстау бойынша арнайы операциядан кейін бірден пайда болған.

1 ақпанда сыра зауытының территориясынан эвакуатор арқылы сары түсті спорт автомобилі әкетілген еді. Қолданушылар автомобильді эвакуациялау сәтін суретке түсіріп алған.

Реклама
Реклама


© Instagram желісіндегі dudoser деген қолданушының суреті

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. 

Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама