07 маусым 2021 | 22:03

Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шықты

Томирис Байсафа

7 маусымда Ресей астанасында алқабилер соты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

7 маусымда Ресей астанасында алқабилер соты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істің бас фигуранты - Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шықты.

"Меджидов 105-баптың 1-бөлігі бойынша алқабилердің үкіміне сәйкес ақталды. Ертең сағат 9:30-да үкім жарияланады", - деп хабарлады Никулин аудандық сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

"Кінәсіз, сот залында бостандыққа шықты (...) Құрметті достар, оны (Муртузали Меджидовті айтып отыр) кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін...", - деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная