ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 сәуір 2018 14:04
Тоқмәдиді күзеткен айдауылдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бас прокуратура өкілдері бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді ауруханада күзеткен айдауылдарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тоқмәди ауруханадан қашқан, онда жағдай басқаша. Айдауылдарға қатысты салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, олар жауапқа тартылды", - деді Бас прокуратураның Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Мұның алдында Мұратхан Тоқмәдидің Тараздағы ауруханадан 8 наурызда қашуға оқталуына қатысты бөлек өндіріс қозғалған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу