Тоқтар Төлешовке тергеу абақтысына үш рет дәрігерлер шақыртылған

Тоқтар Төлешов сотта. Tengrinews.kz мұрағатынан

Екі бірдей адвокатты? келмей ?алуына байланысты То?тар Т?лешовті? ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Екі бірдей адвокаттың келмей қалуына байланысты Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот отырысына екі айыпталушының қорғаушылары келмей қалып, процестің басталуы кейінге шегерілді. Прокурорлар істің қарала беруіне қарсы болған жоқ, ал өзге адвокаттар бұл мәселені судьяның қарауына қалдырды. Конституциялық нормалар бойынша, айыптар адвокаттардың көзінше тағылуы керек болғандықтан судья істің қаралуын кейінге шегерді. 

Реклама
Реклама


© Tengrinews

Еске салайық, бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты сот процесі басталуы керек еді. Оны сот залына отырыс басталардан біраз уақыт бұрын күзетпен алып келген. Төлешов адвокаттар мен бұрынғы әріптестерімен күле амандасты. 

Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпованың сөзінше, оған мәлімдемені дұрыс толтырмау, пара беру және тағы бірнеше экономикалық қылмыс бойынша айыптар қоса тағыламақ. "Оны Шымкенттегі ҰҚКД-нің тергеу абақтысына ақпанда жеткізген. Денсаулығы қалыпты. Үш рет дәрігерлер шақыртты, бірақ, тісі мен омыртқасына байланысты. Ал моральдық жағдайын түсінуге болады, 21 жылға сотталды ғой. Оның барлық мүлкін тәркіледі, мен оны қорғаймын (...)", - деді адвокат. "

Сот отырысы қашан өтетіні әзірше белгісіз. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама