ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2020 | 16:11
Төрт ай бойы ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Орал қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шаралары барысында төрт ай бойы ұрлықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орал қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шаралары барысында төрт ай бойы ұрлықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл топтың құрамындағы Б. және К. есімді Орал қаласының тұрғындары қаланың бірнеше ауданын, соның ішінде "Асан" мен "Самал" ықшамаудандарын аралап, гараждарды нысанаға алған. Гараждардың есігін темір ломмен қайырып, сындырып ашып кірген.
Ішіндегі қолына іліккен құрылысқа қажетті түрлі құрал-саймандарды ұрлаған. Гараж ішінде қолына ілігетін, ұрлауға лайықты жеке мүлік таппаса, жарлас салынған үйдің есігін бұзып, үй ішіне кірген. Үй ішінен де көзіне ілінген алғашқы құралдарды жымқырып, оқиға орнынан тез ісін суытқан. Кейбір саяжай қоғамдарындағы саяжайлардың есігін қиратып, бірнеше тұрмыстық техникаларды көтеріп шыққан. Топ құрамындағы екі жігіт Орал қаласының тұрғындары, бұған дейін бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін сотталған.
"Осы қылмысқа қатысты жеке мүлік иелеріне өте көп мөлшерде материалдық залал келгені тәркіленген заттарды көргенде-ақ білінеді. Қазіргі күні Орал қалалық Полиция басқармасы КПб мүліктік қылмыстарды ашу тобының жедел уәкілдері айғақ заттардың барлығын қос күдіктіден тәркілеп, Орал қалалық ПБ-на жеткізді.
Үйіне немесе гаражына, саяжайына ұры түсу фактісі бойынша шағымданған иелері басқармаға хабарласып, өз заттарын кері қайтарып алып жатыр. Басқарма ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай 10 эпизодпен қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел уәкілдердің кәсіби шеберліктері мен тынымсыз іздестіру жұмыстары өз нәтижесін берді. Жеке мүліктерінен айырылған бірнеше тұрғын заттарын танып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты", - дейді полицейлер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также