24 мамыр 2022 | 18:11

"Тосынсыйымды бетіме лақтырды". Сотталушы әйеліне ерекше сый жасаймын деп отбасының шырқын бұзған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: elements.envato.com

Қызылорда тұрғыны құрылыс жұмыстарын істеген үйдегі әжейдің алтындарын ұрлап кеткен. Кейін сол алтындардың бірін әйеліне сыйлаған, - деп хабарлайды polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда тұрғыны құрылыс жұмыстарын істеген үйдегі әжейдің алтындарын ұрлап кеткен. Кейін сол алтындардың бірін әйеліне сыйлаған, - деп хабарлайды polisia.kz

Қызылорда тұрғыны құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан үйден бір қобдиша алтын көргенде, арам ойдың жетегіне оңай еріп кеткен. Осылайша, "айлап қара жұмыс жасамай-ақ, мол ақшаға кенелем" деп, жалғызбасты әженің қазынасын жымқырып, қылмыскер атанған.

Осымен ғана шектелмей, кейін ол ұрланған жүзіктің бірін әйеліне сыйлаймын деп отбасының да шырқын бұзған. Ал қалған алтынды ломбардқа өткізіп, үйге қомақты қаржы әкелген.

Реклама
Реклама

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" деген ұзаққа бармай, тұтқындалдым. Әйелім "тосынсыйымды" бетіме лақтырып, менен бас тартып, ұлымды алып, төркініне кетіп қалды", - дейді ол.

Оның айтуынша, ең жаманы - үйде ешкімнің күтіп отырмауы.

"3,5 жылдан аса уақыт біреу үшін аз болып көрінуі мүмкін. Бірақ мен үшін мұндағы әр күнім 1 жылға татиды. Екі жылым өтті. Қалған 1 жыл 6 ай да өтер. Өкініштісі - бостандыққа шыққанда, мені күтіп отырған жарым мен баламның болмауы", - деп күйінді сотталушы.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Ал әйелі тергеу жүріп жатқанда, ажырасуға арыз берген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная