Трансұлттық топтар Қазақстанға бірнеше миллиард теңге шығын келтірген

© ҰҚК

ҰҚК ителгі құсын заңсыз аулаумен айналысқан трансұлттық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК ителгі құсын заңсыз аулаумен айналысқан трансұлттық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласында, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірқатар трансұлттық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

"Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Қызыл кітапқа енгізілген ителгі құсын заңсыз аулаумен, кейіннен оларды Қазақстан-Өзбекстан және Қазақстан-Қырғызстан шекаралары арқылы Таяу Шығыс елдеріне контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Мамандардың есебі бойынша, көрсетілген қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірілген зиян бірнеше миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Комитет мәліметінше, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2 және 3-бөліктері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама