ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2023 | 10:18
Тұрғын үй немесе көлік алу: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды
Шымкентте зардап шеккендерге баспана немесе көлік алуға көмектесемін деген қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте зардап шеккендерге баспана немесе көлік алуға көмектесемін деген қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, Шымкенттегі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынған.
"Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК "GAP" пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады", - делінген хабарламада.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асады. Сот үкімі бойынша, ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также