15 қыркүйек 2020 | 17:40

Тұрғындардың атынан онлайн-кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

Фото: barnaul-altai.ru

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атына заңсыз онлайн-кредит рәсімдеген 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атына заңсыз онлайн-кредит рәсімдеген 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары алаяқ қаржы ұйымдарының менеджерлерін алдап, олардан астаналықтардың жеке деректерін алып, тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдегенін айтады. Ол дербес деректерді пайдаланып, жәбірленушілердің есептік жазбасына кіруге мүмкіндік алған. Кейін кредит алып, ақшаны виртуалды карта немесе электронды әмияндар арқылы алған.

Реклама
Реклама

"Осылайша, күдікті тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдеген. Бүгінде алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің IP-мекенжайын анықтап, оны ұстады", - делінген хабарламада.

40 жастағы ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Ақпараттық жүйенің пайдаланушысына қатысты жасалған алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті бірнеше рет алаяқтық үшін сотталды. Соңғы рет ол осыдан 2 жыл бұрын ұсталып, сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная