Түркістан облысында белгісіз ер адам екі рет егде жастағы әйелді өртеп жібермекші болған

© otyrar.kz

Т?ркістан облысы Сайрам ауданы ?араб?ла? ауылында белгісіз ер адам арасына бір жыл салып, екі рет егде жаста?ы ?йелді ?ртеп жібермекші бол?ан, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында белгісіз ер адам арасына бір жыл салып, екі рет егде жастағы әйелді өртеп жібермекші болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

"Ер адам түнгі уақытта үйге баса-көктеп кірді. Қолында пышағы болды. Көзімді жұмғызды. Көзіңді ашсаң, өлтіремін деп қорқытты. Сосын маған бензин шашып, өртей бастады. Өрт шығармауын сұрадым, себебі бөлмеде кішкентай бала жатты. Сосын ол былтыр басқа бөлмені өртегенін айтып, үйден кетіп қалды", - дейді әйел, 

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, ер адам кетіп қалған кезде зейнеткер көмек шақырған. Бір кезде немересі жетіп келген.

"Түнде әжемнің айғайынан оянып кеттім, қарасым үстіндегі киімі мен шашып жанып жатыр. Бірден көйлегін шешіп тастадым. Сосын көрші бөлмеде жатқан ата-анамды көмекке шақырдым", - дейді немересі.

Туыстары әйелді бірден ауруханаға жеткізген. Зейнеткер әйелдің айтуынша, былтыр да белгісіз ер адам оны өртеп жібермекші болған.

Ер адам әзірше табылмады. Бұл қылмыс тіркеліп, полицейлер оны бақылауға алды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама