Түркістан облысында диқандар атысты: Екі күдікті қамауға алынды

Т?ркістан облысында ди?андар?а о? ат?ан екі к?дікті ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шарадара ауданды? сотыны? ке?сесіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында диқандарға оқ атқан екі күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шарадара аудандық сотының кеңсесіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқан уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда болады. "Бүгін екі ер адамды қамауға алу туралы санкция берілді. Оның бірі 1987 жылғы, ал екіншісі 1993 жылғы. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды", - делінген кеңсе хабарламасында. 

Қамауға алынғандарға Шардара ауданында жүк көлігіне қауын басып жатқан кезде атыс шығарды деген айып тағылды. Оқиға өткен жұмада шамамен 11-лерде болған. Қауынды басып жатқан кезде, бірінші делдалдар арасында төбелес шыққан. Кейін олардың бірі кетіп қалып, бір сағаттан соң қаруланған адамдармен қайтып келген. Атыс кезінде 22 жастағы жұмысшыға оқ тиіп, ол оқиға орнында қайтыс болды. 

Реклама
Реклама

"Төбелес кезінде делдалдардың біреуі екіншісінің басын жарып кетіп қадған. Оған жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оған көмек беріп жатқан уақытта, рендіп кеткен адам бес автокөлікпен адам алып келген. Олар бірден шыға салып, оқ ата бастаған. Үш оқ менің немереме тиген. Ол  онда кездейсоқ жүрген. Негізі ол қосымша ақша табайын деп шыққан, ал екі аптадан соң біздің мектепке мұғалім болып жұмысқа орналаспақшы болған еді", - дейді қайтыс болған жігіттің атасы Құрбанқұл Қорымбаев. 

Полицейлер оқ атқан тапаншаны тәркілеген, ол тіркелмеген болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама