ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 маусым 2018 11:52
Түркістанның экс-прокуроры 10 жылға сотталды
Аса ірі к?лемде пара алды деген к?дікпен ?стал?ан Т?ркістанны? экс-прокуроры Махат З?лпыхаров?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Timeskz.kz.
Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Түркістанның экс-прокуроры Махат Зұлпыхаровқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Timeskz.kz.
Басылымның мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, алайда сот ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты екенін дәлелдеді. Осы бапқа сәйкес, сотталушы 10 немесе 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылу керек.
Соттың үкімімен, экс-прокурор 10 жылға сотталды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Махат Зұлпыхаров 2017 жылы ұсталған болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу