ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2021 | 09:07
Түркияда ер адам келінін өлтіріп, бөлшектеп тастаған
Түркияда 65 жастағы жергілікті тұрғын 31 жастағы Қырғызстаннан келген келінін қатыгездікпен өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKИpress сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияда 65 жастағы жергілікті тұрғын 31 жастағы Қырғызстаннан келген келінін қатыгездікпен өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKИpress сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 қазанда кешке Текирдаг қаласында болды. Фехми есімді ер адам баласына тұрмысқа шыққан, екі бала тәрбиелеп отырған келіні Аятпен ұрысып қалған. Оқиға болған күні күйеуі үйде болмаған.
Фехмидің айтуынша, жанжал келінінің балаларға (немерелеріне) жақсы қарамағандығынан болған. Ер адам оны балаларды ұрды деп айыптады, сонымен қатар, өзіне және әйеліне дұрыс қарым-қатынас жасамағанын айтады. Фехми келінінен балаларды ұрмауды өтінген, бірақ ол тыңдамаған.
Жанжал кезінде әйел қайын атасына тіл тигізуі мүмкін, ақыр аяғында қайын атасы Аятты пышақтаған. Келінінің мәйітін жасыру үшін арамен әйелдің денесін бөлшектеп, бір бөлігін қоқыс жәшігіне лақтырып, ал екіншісі көліктің жүксалғышына тыққан.
Ер адам қылмыстың ізін жасырып жатқан кезде, әйелі үйге келген. Ол қанды көріп, Фехмиден не болғанын сұраған. Күйеуі қылмысын мойындап, әйел полицияға хабарласқан.
Өлім алдында Аят инстаграм парақшасын белсенді түрде жүргізген. Әйел парақшасын "Декреттегі ананың күнделігі" деп атап, отбасы мен Түркиядағы өмірі туралы айтқан.
Жас ана соңғы жазбасын 10 қазанда жариялады.
"Бүкіл өмірім әлі алда сияқты көрінетін. Қорытынды шығармаймын, бұл - ақымақтық. Не болса да, болды. Демек, солай болуы керек болған.
Біз өзіміз ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін соңына дейін білмейміз. Сол күні өзімнен "бақыттысың ба" деп сұрадым. Иә, мен бақыттымын. Әрине, жанымда қымбат адамдар жоқ - анам, ағам, туыстарым ... Бірақ олар үнемі есімде. Менде не бар? Мен бақыттымын, менің қуанышым - ұлдарым бар. Мені жақсы көретін және күтетін үйім, жақсы көретін күйеуім бар.
Ал махаббат, махаббат деген не? Ол бар, бірақ басқа да көптеген құндылықтар бар. Мен оны бірінші орыннан алып тастадым. Әрі қарай не болады? Білмеймін. Әрі қарай да мықты, ақылды болатынымды білемін, тек жақсылыққа сенемін. Туған күнің құтты болсын! Жақсылықтың бәрі әлі алда", - деп жазды ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также