26 қазан 2022 10:25

Түркиядан Қазақстанға 28 келіден аса зергерлік бұйым әкелмек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Түркиядан Қазақстанға 28 келіден аса зергерлік бұйымдар әкелмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядан Қазақстанға 28 келіден аса зергерлік бұйымдар әкелмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елорданың халықаралық әуежайында Стамбулдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 дана контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған ер адам ұсталған.

Бұл дерек Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге шектелген заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келетіні, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленгені айтылды.

"Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram