Түркістан және Шымкент қалаларында екі жасырын цех әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістан және Шымкент қалаларында екі жасырын цех әшкере болды Көрнекі сурет: © unsplash.com

Түркістан және Шымкент қалаларында алкоголь өнімін шығаратын екі жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Түркістан және Шымкент қалаларында алкоголь өнімін шығаратын екі жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолданып, алкоголь өнімін шығаратын 2 цех қызметін тоқтатқан.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында жалға алынған қоймаларда антисанитария жағдайында суррогат алкоголь өнімін өндіретін 2 жерасты цехы ұйымдастырылғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, бүгінде соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама