08 қыркүйек 2020 | 09:10

Түркістан облысы полицейлерінің "бассыздығы" түсірілген видео тарады

© youtube/LIFE KZ

Видеоблогер Ринат Кибраев Түркістан облысына барып, жергілікті полицейлердің "бассыздығы" туралы ролик түсірді. Видео YouTube-тегі LIFE KZ каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоблогер Ринат Кибраев Түркістан облысына барып, жергілікті полицейлердің "бассыздығы" туралы ролик түсірді. Видео YouTube-тегі LIFE KZ каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, оған Денис Тен есімді жергілікті тұрғындардың бірі хабарласқан. Ер адамның айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері заңға қайшы әрекеттер жасаған. Қоғам белсенділері осы мәселені анықтау үшін учаскелік пунктке келген.

Реклама
Реклама

Өңірлік полиция департаментінің өкілдері блогердің бұл видеосына қатысты түсінік берді.

"23 тамызда Түркістан қалалық полиция бөлімшесіне жеке кәсіпкер белгісіз біреудің оның жалға алған жерінің терезесіне бірнеше арматураны лақтырып, қашып кеткені туралы арызданған. Осылайша, ол әйнекті сындырып, жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Осы арыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram