ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2019 | 16:28
Түркістан облысынан 160 қой ұрлады деген күдікті Жезқазғанда ұсталды
Биыл 25 мамырда Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келеді. Арызданушы Созақ ауданында орналасқан жайылымдардың біріндегі 160-тан астам бас малының қолды болғандығын айтқан. Жәбірленушіге 6 миллион 380 мың теңге шығын келтірілген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш жайтты Созақ АПБ-нің полицейлері сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғайды.
Тәжірибелі полицейлер бастапқыда малдарды ауыл аймақтан, жайылымнан іздейді, кейіннен тінту шараларына тәжірибелі тәртіп сақшыларын тартып, іздестіруді күшейтеді.
Нәтижесінде күдікке жәбірленушінің малын баққан бақташы ілігеді. Осылайша күдіктіні полицейлер Жезқазған қаласынан ұстайды. Полицейлердің айтуынша, күдікті Төлеби ауданының тумасы. Бөтеннің мүлкін жымқырып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқан.
Құрықталған күдікті Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты іспен Созақ АПБ-нің аға тергеушісі полиция майоры А.Мамшетов айналысып, тергеу амалдарын тиісті деңгейде іске асырды.
Қазіргі таңда жинақталған барлық құжаттар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды.
Показать комментарии
Читайте также