29 сәуір 2021 09:44

Түркістан облысында адам өлтіргені үшін сотталғандар өзін жарақаттаған

Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысында алты сотталушы наразылық ретінде өзін жарақаттаған. Оған тінту жұмыстарын жүргізуге және төтенше қауіпсіздік мекемесінің ішкі тәртібін сақтауға келіспеушілік себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында алты сотталушы наразылық ретінде өзін жарақаттаған. Оған тінту жұмыстарын жүргізуге және төтенше қауіпсіздік мекемесінің ішкі тәртібін сақтауға келіспеушілік себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде пайдалануға тыйым салынған заттар табылып, тәркіленген.

"Қатаң ұстау жағдайларында жазасын өтеп жатқан бірқатар сотталған адам әдепсіз сөз қолдану арқылы ҚАЖ қызметкерлерінің заңды талаптарына наразылық білдірді. Наразылық ретінде олар өздеріне қасақана дене жарақатын салды. Оларға дереу колония қызметкерлері медициналық көмек көрсетті. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деді Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Талғат Әбдіранбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ҚАЖД бастығы сотталғандар адам өлтіру, қарақшылық және есірткі саудасы үшін жазасын өтеп жатқанын айтты. Олар мекемеде әкімшіліктің заңды әрекеттеріне теріс көзқараспен қарайды және түзету жолына түскісі келмейді.

Наразылықты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған") бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 28 жастағы сотталушы бастағаны анықталды.

Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы барған. Дерек тіркеліп, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram