ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2022 | 16:22
Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын 3 жасырын цех әшкереленді
ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтарды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтарды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ адам Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.
Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также