11 қаңтар 2022 10:48

Түркістан облысында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан қарулы топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар қарулы қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар қарулы қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері бақылау-өткізу бекетінде тәртіпсіздікке қатысқан үш ер адамды ұстады.

"Алматы-Термез-Ташкент" тасжолы бойындағы "Ақтас" бекетінде Қазығұрт облыстық полиция басқармасы қызметкерлері Тойота көлігін ұстады. Оның ішінде Сарыағаш және Келес аудандарының 4 тұрғыны болған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, оны тәркіледі. Факт ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдіктілер қазір қамауда, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram