ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2022 | 20:44
Түркістан облысында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық жасаған 5 ер адам ұсталды
Түркістан облысының полицейлері бір тәулікте Алматыдағы бұзақылыққа қатысқан 5 ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Жедел штабына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының полицейлері бір тәулікте Алматыдағы бұзақылыққа қатысқан 5 ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Жедел штабына сілтеме жасап.
7 қаңтарда сағат 23:30-да Жетісайда жүргізілген жедел іс-шаралар барысында қаладағы қонақүйлердің бірінен 1992 және 1993 жылғы 3 ер адам ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облысының тұрғындары. Екеуі бұған дейін ұрлық үшін сотты болған.
Олардан 550 мың теңге, есірткі, брендтік әйелдер және ерлер киімі тәркіленді. Ұсталғандардың сөзінше, олар жаппай тәртіпсіздікті қолданып, заттарды сауда үйінің маңынан алып кеткен.
Тағы екі ер адам Түркістан қаласына кіреберісте ұсталды. Олардың қолындағы сөмкелері полицейлердің күдігін тудырған. Ішінен 5 фотоаппарат, 11 алтын әшекей, 3 телефон, 1 ноутбук пен екі жаңа аяқ киім шыққан. Екеуі де Түркістан қаласының 1995 және 1998 жылғы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін ұрлық пен тонау деректері бойынша сотталған.
Ақпарат бойынша, 5 ер адам жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Төле би көшесінде орналасқан Технодом дүкеніне басып кірген. Олар ғимаратта жүрген ер адамды соққыға жығып, техникалық құралдар, алтын мен аяқ киімдерді алып кеткен.
Күдіктілер Түркістан облысына Алматы облысы Ұзынағаштағы халықаралық автобус арқылы келген. Түркістаннан шыққан кезде коменданттық сағат екенін ескеріп, жүргізушіден тоқтауын сұрап, ары қарай жаяу жетіп алуды шешкен.
Бес күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Бәрі қамауға алынды. Енді Түркістан облысының тергеушілері күдіктілердің Алматыға келудегі нақты себебін анықтауы керек.
Суреттер: ІІМ баспасөз қызметі
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также