28 желтоқсан 2021 11:40

Түркістан облысында аудан әкімі сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 27 желтоқсанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімі бойынша, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Айкен Темір ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ол 14 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сотталушы Айкен Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт-офис құрылысы шарты бойынша 22 184 000 теңге сомасына ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдікке ілінген болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram