23 қазан 2018 | 22:41

Түркістан облысында аудан әкіміне шабуыл жасалды: ІІМ өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан ІІМ өкілдері Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасары шабуыл жасалғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ІІМ өкілдері Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасары шабуыл жасалғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Бүгін белгісіз біреулер травматикалық қарудан Түркістан облысындағы аудан әкімінің орынбасарына оқ атып, белгісіз бағытта көлікпен қашып кеткен. Қылмыскерлерді ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Сәдубаев. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта әкім орынбасарының денсаулығына және өміріне еш қауіп жоқ.

Еске салайық, Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасарына оқ атылды. Қазіргі уақытта полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. "Оқиға біріңғай реестрге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ішкі істер органы қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Олар бірнеше адам болған. Әкім орынбасары мен әйел адам қатты зардап шекпеген", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Зардап шеккен әкім орынбасары осы қызметте шамамен жеті жылдан бері қызмет атқарып келеді екен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная