ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2022 | 18:50
Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
"Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды екен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также