ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2019 | 11:50
Түркістан облысында автокөлік бөлшектерін ұрлағандар құрықталды
Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының мамандары көлік бөлшектерін ұрлап, сатумен айналысқандарды ұстады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының мамандары көлік бөлшектерін ұрлап, сатумен айналысқандарды ұстады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
2019 жылы ақпанда аудан тұрғыны жүк көлігінен белгісіз біреулердің автобөлшектерін ұрлағаны туралы жергілікті арыз берген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі - жарты миллион теңге.
"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша жүргізіліп жатыр. Осындай ұрлыққа байланысты өтінішпен полиция бөліміне Сайрам ауданының бірнеше тұрғынынан хабар түсті. Қылмысты ашып және күдіктіні ұстау мақсатында полиция басқармасында жедел тергеп-тексеру тобы құрылды. Полицейлер барлық қажетті шұғыл іс-шараларды жасады, оның ішінде аулалаларды тінту, куәгерлерден жауап алу және басқа шараларды атқарды", - деді полиция өкілдері.
Сайрам аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғындардан 4 күдіктіні қолға түсірді. Анықталғандай, жас жігіттер тек автобөлшектер ұрлауды кәсіп қылмай, елдімекен тұрғындарының үйіне түсуге де әдеттенген.
Мысалы, бір жәбірленушінің ауласынан ондаған литр жағармай ұрласа, келесі біреудің үйінен құрылыс арматурасын жымқырған. Қазіргі таңда тергеп-тексеру нәтижесінде қолға түскендердің миллион теңгеге жуық өзгенің мүлкін ұрлауға қатыстылығы айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Показать комментарии
Читайте также