21 тамыз 2020 | 13:39

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін Түркістан облысында ер адамның өз әйелін балтамен ұрып, ауыр жарақат тигізгені туралы ақпарат кеңінен таралып, қоғам арасында талқыға түскен болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 27 сәуірде Келес аудандық полиция бөлімінің кезекші нөміріне учаскелік полиция инспекторынан хабарлама келіп түседі. Онда таңғы сағат 9:40-та аудан көшелерінің бірінде белгісіз әйелдің жарақат алғаны айтылады. Хабарлама түсе салысымен келестік сақшылардан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға болған аймаққа аттанады. Полицейлер бірден істі ашуға бағытталған тексеру шараларына кірісіп, сол аумақты тыңғылықты тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алды. Сонымен қатар оқиға болған орыннан айғақ зат ретінде балта тәркіленді.

Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмаған соң, жәбірленушінің әпкесі полиция бөліміне келіп арызданды. Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 24-99-бабы (Адам өлтiруге оқталу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді де, тергеу жүргізді.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің күйеуі 2-3 сағат ішінде аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында күдікті мен әйелінің арасында отбасылық жанжал болған және ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңнің туындауы алғаш рет емес екені анықталды. Бұған дейін де бірнеше рет қайталанған. Ал дәл осы жайт кезінде күйеуі әйелді ұрып соғып, артынан балтасын алып жүгірген. Зәресі ұшқан әйел қорыққанынан қаша жөнеледі, алайда күйеуі артынан жетіп, қолындағы балтасымен өз әйелін аяусыз ұрып соққан. Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел емханаға қаралып, тиісті отасы жасалды. Алайда бетіне тиген балтадан бір көзі қатты зақымданып, бір жағынан бас жарақатын да алған.

Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы бірқалыпты, Шымкент қаласындағы туыстарының үйінде. Емханаға жатып, тағы да ота жасатуға дайындалып жатыр.

Осылайша Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күйеуінің соққысынан ауыр жарақаттанған әйелдің ісін тергеп-тексеріп, тиісті дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады. Өз кезегінде Түркістан облыстық сотының шешімімен күдікті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная