11 қаңтар 2020 | 09:17

Түркістан облысында баланы байлап тастау ісі: анасы өз нұсқасын айтты

видеодан үзінді

Түркістан облысында видеода баласын байлап қойған анасы "Астана" телеарнасына берген сұхбатында оқиғаның қалай болғаны туралы өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында видеода баласын байлап қойған анасы "Астана" телеарнасына берген сұхбатында оқиғаның қалай болғаны туралы өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы жанжал алиментке байланысты туған, әйелдің азаматтық некедегі бұрынғы жары ұзақ уақыт бойы қаражат бермеген. Олар 2014-2018 жылдар арасында азаматтық некеде болған. Олардың екі кішкентай баласы бар. Әйел адам еш жерде есепте тұрған жоқ. 

Реклама
Реклама

Сараптама баланың денесінде ешқандай жарақат жоқ екенін көрсетті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Еске салайық, Желіде өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйелдің видеосы тараған еді. Оқиғаның видеосын Facebook желісінде Айгүл Орынбек жариялады. Видео кадрларынан баланың еденде отырғанын көруге болады, қолы бинтпен оралған. Аузын шүберекпен жауып тастаған. Ролик авторы баладан "Не қылды, балам?" деп сұрайды. Осы кезде әйелдердің жанжалы естіледі.

Басында екі жасар балаға қорлық көрсетті деп анасын айыптаған. Кейінірек, оқиға басқаша өрбіді. Баланың әпкесі, видеоны түсірген әкесі екенін айтты. Екі туысымен бірге үйге баса көктеп кіріп, баланы алып кетпекші болған. 

"Сіңіліммен бірге мен бөлмеден қуып, пышақпен қорқытты. Сол әйелдердің бірі. Біз баланы байлаған жоқпыз. Інім сәбимен ойнап отырып, үстіне бандаж іліп қойған. Ал баланы байлаған оның әкесі, сосын камераға түсірді", - дейді баланың әпкесі Жұлдыз Пернебаева. 

Бала анасының айтуынша, осы шоуды ер адам ұйымдастырған. Оның көксегені алимент төлемей, әйелді ана құқығынан айыру екен. Дана Жураева сол күні үйіне жұмыстан келгенде, бұрынғы күйеуінің баланы алып кетпекші болып жатқанын көреді. Ол кедергі келтіргісі келген, алайда өзі шабуылға тап болған. 

"Баламды қалдыруын талап еттім. Бірақ оның туыстары мені теуіп жіберді, мен балшыққа құладым. Видеоға түсіргенінің бәрі өтірік. Ол оны менен балаларды тартып алу үшін істеп отыр", - деді әйел. 

Видео авторы мұның жасанды ролик екенін жоққа шығарды. Ер адам әйелдің ұлына қатал қарағанын айтады. 

"Мен үйге кіргенімде, оның байлаулы тұрғанын көрдім. Аузында да бір шүберек болды. Осының барлығын түсіру маған да ауыр болды. Мен тек оның қандай ана, қандай адам екенін көрсеткім келді. Бұл бірінші жағдай емес. Бұрында ол балаларды гаражға тастап кеткен болады. Олар сонда жатты. Мен сол жерден алып кеттім. Иә, мен алимент төлеп жүрген жоқпын. Өйткені ол маған балаларыммен кездестірмей қойды", - дейді баланың әкесі Бағлан Есботаев. 

Ер адам ақыр аяғы баланы үйіне алып кеткен, ал бұрынғы жарының үстінен полицияға арыз берген. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын бастады. 

Осыған дейін, Түркістан облысында кішкентай баланы анасы алимент төленбеуіне байланысты байлап тастаған болып шықты.

"2020 жылы 8 қаңтарда Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арыз жазып, азаматтық негедегі бұрынғы әйелі 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатқанын айтқан. Бұл деректі полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабы бойынша тіркеген", - дейді полициядағылар. 

Бұл бап бойынша әйелге 160 АЕК көлемінде айыппұл салынуы, 40 күнге қамалуы немесе 160 сағатқа түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Сондай-ақ белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылуы ықтимал. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная