03 қыркүйек 2019 | 10:09

Түркістан облысында екі жігіт бөтеннің көлігін мініп кеткен

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ауласында тұрған автокөлікті ұрлап кетпекші болған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ауласында тұрған автокөлікті ұрлап кетпекші болған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі мезгілде үйінің алдында тұрған автокөлігін белгісіз біреулер заңсыз түрде мініп кеткенін айтқан. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автомобильді және өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары қажетті деп табылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Сарыағаш АПБ-нің тәжірибелі полицейлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының бірінен күдіктілердің көлікпен Келес ауданына қарай бағыт алғанын анықтайды. Осылайша полиция қызметкерлері үлкен жолдардың бірінде қалдырып кеткен автокөлікті тауып, куәгерлердің жауабы арқылы Сарыағаш ауданының екі азаматын күдікті ретінде ұстайды. Ал, күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Өз кезегінде жәбірленуші тұрғын тәртіп сақшыларының қырағылығына, қызметіне адал нағыз берілген жандар екендігіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мал-мүлкіңіздің қауіпсіздігіне сақ болуларыңызды сұрайды. Мүмкіндігінше, ұрылардың жолына тосқауыл қою үшін, үйіңіздің ауласына бейнебақылау, дабылқаққыш орнатқан жөн. Ал, бағалы мүлкіңіз ұрланып немесе осындай жайттың куәгері болсаңыз тез арада "102" телефонына хабарласыңыз", - дейді полицейлер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная