ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2019 | 12:07
Түркістан облысында ер адам өз танысын өлтірген
Түркістан облысының Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғыннан қаладағы бір автокөлік жөндейтін шеберхананың ішінде белгісіз ер азаматтың мәйіті жатқаны жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарламаны анықтау мақсатында оқиға орнына жеткен полицейлер шеберхананың ішкі жағындағы жатын бөлмесінен Өзбекстан Республикасы азаматының мәйітін тапқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғыннан қаладағы бір автокөлік жөндейтін шеберхананың ішінде белгісіз ер азаматтың мәйіті жатқаны жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарламаны анықтау мақсатында оқиға орнына жеткен полицейлер шеберхананың ішкі жағындағы жатын бөлмесінен Өзбекстан Республикасы азаматының мәйітін тапқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәйітті қарау барысында, оның денесінен адам қолынан болған дене жарақаттары бары анықталған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабы "Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелген.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен осы іске қатысты күдіктіні ұстау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілді. Оқиға орнынан қол-саусақ іздері алынып, көрген-білгендерден сұрастырылды. Жасалынған жедел-іздестіру жұмыстары барысында аталған қылмысқа күдікті анықталып, АПБ-не жеткізілді. Полицейлердің анықтауынша, күдікті сол түні жәбірленушімен бірге отырып ішімдік ішіп, сөзге келіспей, араларында жанжал туындаған. Жанжал барысында күдікті өзімен бірге ішіп отырған серіктесін бірнеше рет ұрып, соққы жасағанын мойындаған. Ол бұрын "Алаяқтық" жасап, сотты болған, жұмыссыз, Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты.
Осы істі тергеу барысында ұсталған күдіктінің бұдан басқа да жаңа "Алаяқтық" ісіне қатысы барын анықталды. Бұл оқиғада аудандық полицейлерге жергілікті тұрғын арызданып, өзінің алаяққа алданып қалғанын айтып, шағым түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша бір танысы өзінің жоғарғы оқу орнында оқыған танысымен таныстырған. Ол әңгімелесу барысында үлкен қызметте істейтінін, кез-келген жерде таныстары барын, жұмысқа орналастырып бере алатынын жеткізеді. Осылайша жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның әйелін жұмысқа орналастырып беруге келісіп, ол үшін 600 000 теңге сұрап, алаяқтық жолмен алған. Аталған жайт, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтықты ашу мақсатында аудандық полицейлер тез арада іске кіріседі. Нәтижесінде күдіктінің "адам өліміне әкеп соққан денеге ауыр дене жарақатын салу" бойынша қамауда отырған азамат екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындаған, алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өздеріңізге жақын, таныс емес бейтаныс жандардың ұсынысына сенбеңіздер, қабыл алмаңыздар деп ескертеді.
Сонымен қатар, кез-келген істі қолға аларда заңгермен, өзіңіздің сенімді адамыңызбен ақылдасып барып іске кірсуге кеңес береді. Өзіңізге қатысты құпия нөмірлеріңізді және банкомат нөмірлерін, кодтарын ешкімге айтпаңыз. Себебі, интернет-алаяқтары көбейген.
Показать комментарии
Читайте также