16 маусым 2021 | 12:40

Түркістан облысында ет сатушы 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында тұрғын 147 адамға онлайн-несие рәсімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында тұрғын 147 адамға онлайн-несие рәсімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментіне несие рәсімдеу кезіндегі күдікті әрекеттерді байқап, банк қызметкері жүгінген. Тексеру кезінде жедел уәкілдер алаяқтықты анықтаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол ет өнімдерін сатумен айналысатын Сайрам ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны болып шықты. Бүгінде сот оны екі айға қамауға алуға санкция берген.

Реклама
Реклама

Күдікті соңғы үш айда әр балаға 50 мың теңге әлеуметтік көмек алып беруге уәде беріп, жәбірленушілердің жеке деректерін алған. Кейін ол құжаттарды пайдаланып онлайн-несие рәсімдеген. Осылайша, полицияға жүгінген жәбірленушілер саны 147 адам болған. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.

"Қазір тергеушілер соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алаяқтық құрбандарының саны артуы мүмкін. Біз оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, келтірілген залалды есептеп жатырмыз", - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная