04 сәуір 2022 | 12:02

Түркістан облысында Фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі пара алды деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная