27 желтоқсан 2022 | 11:56

Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен 26 шетелдік қыз анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен 26 шетелдік қыз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен 26 шетелдік қыз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде интим қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады.

Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни жеңіл жүрісті қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен хостелді қарау кезінде ақшалай сыйақы үшін интим қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни 26 жеңіл жүріс қызды анықтап жеткізді.

Реклама
Реклама

Қазір бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная