Түркістан облысында интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

© polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелер қызмет көрсеткен притонды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелер қызмет көрсеткен притонды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтfды.

Полиция қызметкерлері притонда жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Реклама
Реклама

"Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды ұстады. Олардың үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, біреуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама