26 шілде 2021 | 11:56

Түркістан облысында жалған анықтама жасаған медбике мен екі тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Түркістан облысында медбике мен екі тұрғын медициналық құжаттарды қолдан жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында медбике мен екі тұрғын медициналық құжаттарды қолдан жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ Тергеу департаментінің Әскери-тергеу басқармасы Түркістан облысының үш тұрғынын ұстады. Олар медициналық құжаттарды қолдан жасау және сатумен айналысқан. Оның ішінде Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі әшкереленді. Ол COVID-19 инфекцясының таралуына жол бермеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту жөніндегі шараларды бұза отырып, Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беретін медициналық құжаттарды қолдан жасап сатқан", - делінген ІІМ хабарламасында.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандар Қазақстан Республикасы медициналық мекемелерінің шақырту-анықтамаларын қолдан жасап, 3 000 теңгеден 8 000 теңгеге дейін сатқан. Бұл жалған құжат медициналық мекеме шақыртуымен тиісті қызметтерді алу үшін, сондай-ақ шетелге шығу үшін мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік берді.

Реклама
Реклама

​Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жұмыстары барысында сатуға дайындалған, мөрлері бар 1 266 медициналық құжат тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделгенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная