ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 10:52
Түркістан облысында жеті тұрғыннан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді
Түркістан облысында жеті тұрғыннан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында жеті тұрғыннан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Түркістан облысы аумағында екі тәулікте заңсыз қару-жарақ, есірткі және діни сипаттағы материалдарды сақтауға қатысты жеті факт анықталған.
Отырар ауданы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстаған, одан марихуана салынған қағаз бума және 36 оқ-дәрі, тіркелмеген қос ауызды аңшы мылтығы тәркіленген. Сондай-ақ, күдіктіден діни сипаттағы 20-дан аса кітап, кітапша мен журналдар алынған.
Түлкібас ауданында жедел уәкілдер ер адамды ұстаған, одан тіркелмеген дабыл беретін тапанша мен 16 калибрлі кесілген аңшы мылтығы тәркіленді, делінген хабарламада.
Кентау қаласы аумағында полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірінен марихуана мен темір жезден жасалған кастетті тәркіледі.
Сондай-ақ, Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті ер адамды ұстаған, одан тіркелмеген газ тапаншасы, 20-дан аса түрлі калибрлі оқ, металл және ағаш таяқ, бір бума марихуана тәркіленген.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінен 16 калибрлі аңшылық қаруды тәркіледі. Тәртіп сақшылары Ордабасы ауданының тұрғынынан тағы бір кесілген 12 калибрлі шолақ мылтықты тапты, деп жазды портал.
Сарыағаш ауданы аумағында жедел уәкілдер облыс орталығы тұрғынын ұстады, одан тіркеусіз травматикалық тапанша тәркіленген.
Барлық факт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" және ҚК-нің 287-бабы "Заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды алып жүру" бойынша тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеушілер күдіктілер қаруды қандай мақсатта сақтағанын әлі анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также