Түркістан облысында жолаушының 30 мың теңгесін алдап алған жүргізуші ұсталды

Фото: altapress.ru

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жолаушыны 30 мың теңгеге алдаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жолаушыны 30 мың теңгеге алдаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол белгісіз ер адам жоғалған телефонды тауып беремін деп алдап, 30 мың теңгеге алғанын айтқан. Кейін ол жоғалып кеткен.

Тергеу барысында жәбірленуші мас күйде таксиге отырып, Шымкенттегі үйіне жеткені белгілі болған. Алайда ол үйге жеткен соң телефонын көлікте қалдырғанын білген. Жәбірленуші такси жүргізушісіне хабарласып, затын қайтарып беруді сұрапты. Бірақ жүргізуші телефон үшін 30 мың теңге сұраған. Жәбірленуші күдіктіге сұраған ақшасын берген, алайда ол телефонды да, ақшаны да қайтармапты.

Реклама
Реклама

Осыдан соң тұрғын полициядан көмек сұраған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстаған. Тергеу барысында оның бұрын алаяқтық үшін сотталған шымкенттік екені анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама