31 шілде 2019 09:41

Түркістан облысында жолға таласқан жүргізушілер атысты

Түркістан облысында полицейлер жолда бұзақылық жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер жолда бұзақылық жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 24 шілдеде Төле би аудандық полиция бөлімшесіне оқ тиіп жараланған ер адамның ауруханаға жеткізілгені жайлы хабар түскен.

Реклама
Реклама

"Қала көшелерінің бірінде екі көлік қарама-қарсы келіп, бір-бірінің жүруіне кедергі жасап, яғни 2 жүргізуші жолды бөлісе алмай, сөзге келіп қалған. Салдарынан жүргізушінің бірі жәбірленушіні травматикалық қарумен атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркелді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Ленгір қаласының тұрғынын ұстаған. Оған айғақ зат ретінде травматикалық тапаншаны тауып, тәркілеген.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram