15 шілде 2020 | 10:41

Түркістан облысында жүргізуші адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні  ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні  ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, жол апаты Шымкент-Самара тас жолында болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері  "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобус көлігінің ақауын жүргізушісі мен оның көмекшісі тексеріп тұрғанын анықтады. Осы уақытта "Газ-53" маркалы көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автобусты жанамай соғып, одан кейін сол жерде тұрған жәбірленуші мен көлік жүргізушісін қаққан. Кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен.

Реклама
Реклама

Салдарынан автобустың жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алады, оның көмекшісі оқиға орнында қаза болған.  

Тексеру барысында күдікті жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады.

"Бұл жол-көлік оқиғасы Бәйдібек АПБ-не ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 347-бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, тергеп амалдары басталды.  ​​​​​​Жүк көлігі Сайрам ауданында табылып, жол-көлік оқиғасына тікелей қатысы бары дәлелденді. Содан аталған автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке-басы анықталды, ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.  Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная