25 қазан 2018 | 16:23

Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

© Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттегілердің мәліметінше, Түркістан облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғындарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Реклама
Реклама

Олардың 2018 жылдың сәуір мен қазан айы аралығында облыс аумағында бірнеше қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды.

"Ұсталғандар бұрын-соңды сотты болған Шымкент қаласының тұрғындары екені, сондай-ақ, қарақшылық шабуылдың 3 жайтына қатысы бары белгілі болды. Биыл сәуір айында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған, онда көршісінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер беттеріне бетперде киген белгісіз азаматтардың үй иесін атыс қаруымен қорқытып, оның жарты миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткенін анықтаған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің "қарақшылық"бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді, - дейді полициядағылар.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық топ Қазығұрт ауданындағы тұрғынның үйіне қарақшылық шабуылын жасаған.

25 қыркүйектің түнінде күдіктілер жәбірленушінің үйіне кіріп, қарумен қорқытып, үй иесін және отбасы мүшелерін байлап қойып, ақша талап еткен. Жақындарының өміріне қорыққан үй иесі ақшасын, алтын бұйымдары мен басқа да бағалы заттарын бере салған.

Сондай-ақ, қазан айының басында Түлкібас ауданындағы тұрғынның бірінің үйіне қылмыстық топ кіріп келіп, қарумен қорқытып, ақшасын алып кетпек болған. Үй иесі шу шығарып, көршілерін көмекке шақырып, қылмыскерлерге қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде шудан қорыққан күдіктілер ешнарсе ала алмай қашып кеткен. Оқиға орнында шолақ мылтық қалдырған.

"Қарақшылық шабуылды ашу үшін тәжірибелі жедел ізкесушілерден құралған жедел-тергеу тобы құрылды. Бірнеше ай көлемінде жедел ізкесушілер күдіктілердің түр-тұлғасын анықтап, оларды ұстау іс-шараларын атқарды. Түркістан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлерден қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысын анықтап, ұстадық. (...) Олардан тегіс ұңғылы мылтығы, тапаншасы, 16 калибрлі шолақ мылтық және басқа да айғақты заттар тәркіленіп алынды", - деді облыстық ІІД Криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Аман Бұрханов.

Осы дерек бойынша Түркістан облысы ІІД тергеушілерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау абақтысында. Полицейлер ұсталғандардың басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная